Қандастардың Түрікменстаннан Қазақстанға қоныс аудару мәселесі талқыланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету шеңберінде Қазақстан-Түрікменстан консультациялары өтті. Видеоконференция форматындағы кездесуге екі елдің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары мен құзыретті мекемелер өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Келіссөздер барысында тараптар шарт-құқықтық базаны дамыту, атап айтқанда, екі ел азаматтарының шекарадан өту тәртібі, қандастардың Қазақстанға қоныс аударуы, консулдық алымдардың өлшемін унификациялау және көлік құралдарының жүргізушілеріне визалар беру мәселелері талқыланды.

Сонымен бірге, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту бойынша келіссөздер жүргізілді.

Консультациялардың нәтижесі бойынша тараптар консулдық байланыстардың барлық бағыттары бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайындығын растады.


Соңғы жаңалықтар