+7 (701) 759 90 19
USD 421.91 EUR 511.57
RUB 5.59 CNY 65.2
Jańalyqtar

Қандастардың тарихи отанына дүние-мүлкімен көшіп келуі мәселесін шешуіміз керек - Бектаев

2020 жылғы 18 қараша 12:15
Бөлісіңіз:
Қандастардың тарихи отанына дүние-мүлкімен көшіп келуі мәселесін шешуіміз керек - Бектаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Соңғы 10 жылда Қазақстанға көшіп келгісі келетін қандастар саны күрт азайды. Бұл туралы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақ қызы АҚШ мемлекеттік департаментінде басшылық қызметке тағайындалды 13 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

«Ұлттық құндылықтарымызды сақтап, оны күшейтуге, сонымен қатар демографиямыздың күрт өсуіне арқау болатын қандастарымыз! Тәуелсіздік алғалы бері тарихи отанына 1 млн 200 мың ағайын көшіп келген болса, олардың қазіргі саны 3 миллионға жуық. Бүгінде бұл үлкен әлеумет. Олардың қоғамға да, мәдениетке де, тіпті ауыл шаруашылығына да сіңірген еңбегі зор», - деді ол партияның кезектен тыс XVIII съезінде.

Алайда, Әли Бектаев бейресми деректерге сәйкес сыртта әлі 7,5 млн қандасымыз жүргендігін айтады.

«Өкініштісі, олардың Қазақстанға көшіп келу үдерісі соңғы он жылда күрт азайған. Себебі 2010 жылдан бастап мемлекеттік қолдау тетіктері тоқтатылды. 2017 жылдан бері қоныс аудару квотасы пайда болды. Десе де нәтиже нөлге тең. Осы мәселені қолға алу керек деп санаймыз. Сонымен қатар, қандастар көшін қайта жандандыру үшін дипломатиялық миссия құзырлы органдармен бірге этникалық қазақтардың тарихи отанына қоныс аударуы кезінде мал, техника тәрізді жылжымалы мүліктерін өздерімен алып келуі мәселесін шешуі тиіс», - деді «Ауыл» партиясының төрағасы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT