+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Қандастардың азаматтық алуға құжаттарын қарау мерзімі қысқарды

2020 жылғы 14 сәуір 12:55
Бөлісіңіз:
Қандастардың азаматтық алуға құжаттарын қарау мерзімі қысқарды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанға көшіп келетін этикалық қазақтардың азаматтық алуға құжаттарын қарау мерзімі 6 айдан 3 айға дейін қысқартылады. Бұл жайында Сенат депутаттарының ресми сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Асқар Мамин «Цифрлық білім» жобасын ауқымды түрде іске асыруды тапсырды Қазақ қызы Франциядағы сайлауда жеңіп, қала мэрінің орынбасары болды Бірқатар мемлекетте Қазақ мәдени-іскерлік үйлері ашылады - министр

«2016 жылдан бастап 2020 жылғы ақпан аралығында Қазақстанда тұрғылықты тұруға 101 375 адам көшіп келді. Оның ішінде этникалық қазақтар 57 773 адамды құрайды. Олар көбінесе Ресейден, Өзбекстаннан, Қытайдан және Қырғызстаннан көшіп келген. Шетелдегі этникалық қазақтарды тарихи отанына тарту және оларды еліміздің ішінде бейімдеу мақсатында мемлекеттік органдардың тарапынан мынадай жұмыстар жүргізілуде: 2019 жылғы 15 қарашада этникалық қазақтардың тарихи отанына келгенде қажетті мемлекеттік қызметтерді бір құжаттар тізбесімен электрондық форматта алуына мүмкіндік беретін «бір терезе» қағидаты бойынша бизнес-процестерді оңтайландыру жөніндегі жол картасы бекітілді. Оның аясында оралман мәртебесін, ел аумағында тұрақты тұруға рұқсат және ҚР азаматтығын алу сияқты мемлекеттік қызметтерді композиттік түрде ұсыну көзделді», - деді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, ҚР Парламенті Сенатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қаралып жатыр. Аталған Заң жобасы аясында азаматтық алуға құжаттарды қарау мерзімі 6 айдан 3 айға дейін қысқарту қарастырылған. Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған этникалық қазақтарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға шектеусіз рұқсат беру көзделді.

«Сонымен қатар, этникалық қазақтар оралман мәртебесін алған жағдайда Қазақстан Республикасы азаматтарына көзделген барлық әлеуметтік қолдауларға қол жеткізе алады. Бұл бағыттағы мақсат – қандастарымызды қоғамға бейімдеу, әлеуметтік қорғау және тең жағдай жасау болып табылады», - деді Асқар Мамин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT