USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Қандастардың артық төлем алуы үшін қолдан құжат жасаған азамат ұсталды

2021 жылғы 6 желтоқсан 19:38
Бөлісіңіз:
Қандастардың артық төлем алуы үшін қолдан құжат жасаған азамат ұсталды

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысының тұрғыны қандастарға артық төлем алуға құқық беретін құжаттарды қолдан жасаған. Бұл туралы ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттіктің Алматы облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 1971 жылы туған азамат Исхан Ұланды анықтады.

Ол Қытай Халық Республикасынан келген қандастарға жоғары әлеуметтік және зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жалған еңбек кітапшаларын дайындаумен және сатумен айналысқан.

Тексеру барысында ҚХР түрлі ұйымдарының мөртабандары мен мөрлерінің жалған баспа-таңбалары, нотариустың мөрі мен қолы бар нотариаттық бланкілері, кесуге арналған станок және оның көмегімен жасалған жалған құжаттар (еңбек кітапшалары, туу туралы куәліктер және неке қию туралы куәліктер), басқа да заттар табылды және тәркіленіп алынды.

Исхан Ұлан сотталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT