+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қандастардан талап етілетін құжаттар тізімі 46-дан 20-ға дейін қысқартылды

2020 жылғы 29 маусым 11:38
Бөлісіңіз:
Қандастардан талап етілетін құжаттар тізімі 46-дан 20-ға дейін қысқартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева елге оралған қандастарымызға құжат рәсімдеу анағұрлым жеңілдетіліп жатқанын мәлімдеді. Бұл жайлы министр халыққа есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл Атырау облысына 50-ге жуық этникалық қазақ көшіп келген

«Ұлтаралық қатынас саласының үлкен бір бөлігі – шетелдегі қазақтар мен елге оралған қандастар мәселесі. Бұл бағыттағы барлық сұрақтарды шешу үшін қазір «Отандастар» қорымен бірлесе отырып, бірқатар жобаларды қолға алдық. Өздеріңіз білесіздер, Үкімет тарапынан бекітілген «2018-2022 жылдарға арналған этникалық қазақтарды қолдау жоспары» бар. Оның аясында шетелдегі қазақтардың қатысуымен көптеген мәдени-гуманитарлық ғана емес, бизнес іс-шаралар да өткізіліп отырады», - деді Аида Балаева ОКҚ алаңы арқылы халыққа есеп беру кездесуінде.

Министрдің айтуынша елге оралған қандастарымызға құжат рәсімдеу анағұрлым жеңілдетіп, «бір терезе» қағидасы енгізіліп отыр. Осының нәтижесінде қазір қандастар 5-6 мемлекеттік мекемені аралап табан тоздырмай, барлық шаруасын бір жерден шешетін болады. Оларға қажетті құжаттардың саны да екі есеге ықшамдалып, рәсімдеу уақыты 6 айдан 3 айға қысқарған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT