Қандастар арасында шағын футболдан турнир өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласында елге оралған қандастар арасында шағын футболдан республикалық турнир өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

5G CYBER SPORT клубы ұйымдастарыған турнирге еліміздің 12 облысында тұрып жатқан қандастарымыз бір-бір команда дайындап, 12 команда өзара мықтыны анықтады.

Нәтижесінде бірінші орынды алматылық «Бірлік керуен» командасы қанжығасына байлады. Екінші орынға астаналық «5G CYBER ARENA» командасы ие болса, үздік үшінші орынды тағы бір Алматыдан келген «Бақ АСМАР» командасы жеңіп алды.

Жеңімпаз командалар тиісінше, кубоктармен қатар 500 мың, 300 мың және 150 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақыға ие болды.

Жарыс соңында жеңімпаз командаларды марапаттау сәтінде «5G CYBER ARENA» клубының директоры Талғат Ләззат бұл турнирдің басты мақсаты мен маңызына тоқталып өтті.

«Міне, биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл! Ел болып осы айтулы мерекені тойлап жатыр. Осы қысқа уақытта елімізге шет елдерде тұратын миллиондай қандасымыз келіп оралды. Біздің бүгінгі жарысымыздың басты мақсаты - осы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өту. Тәуелсіздіктің қадір қасиетін білу. Сондай-ақ, салауатты өмір салтын ұстанып, жастарымызға спортпен шұғылдануды насихаттау», - деп атап өтті ол.


Соңғы жаңалықтар