Қанат Ысқақов Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды

None
None
АСТАНА. қазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Қанат Жұмабайұлы Ысқақов Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қанат Жұмабайұлы Ысқақов 1982 жылы Шымкент қаласында туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қ. Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының жетекші маманы ретінде бастаған.

Әр жылдары әртүрлі мемлекеттік құрылымдарда, соның ішінде ҚР Парламенті Мәжілісінде, ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік хатшысының хатшылығында, ҚР Президенті Әкімшілігі Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында жұмыс істеген.

2012-2021 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған.

2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы.


Фото: t.me/KZgovernment


Соңғы жаңалықтар