Қанат Таймерденов Алматыдағы оқиға жайында: Полиция қызметкерлерін ұрып-соғып, мазақ қылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов полицейлер неліктен қару қолданбай, шегінуге мәжбүр болғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шектеулі кеңістікті және әкімдіктегі адамдардың тығыздығын ескере отырып, полиция қызметкерлері қаруды қолданбады. Өйткені көптеген адам шығынына әкелуі мүмкін еді. Осыған байланысты полицейлер қару қолданбай, шегінуге мәжбүр болды. Шабуылшылар әкімшілікті тонау, өртеу арқылы дүние-мүлкін бүлдіре бастады», - деді Қанат Таймерденов.

Оның айтуынша, полиция қызметкерлері мен әскери оқу орнының курсанттарын ұрып-соғып, мазақ қылып, арнайы құралдары мен киімдерін тартып алған.

«Дәл осы уақытта қаланың әр жерінде содырлардың көптеген топтары полиция жасақтарына оқ жаудырып, қаланы қиратуға кірісті», - деді Полиция департаментінің бастығы.

Айта кетейік, 5 қаңтар күні таңертең Алматыда қала орталығына бір мезгілде 20 мың адам жиналды.

Одан кейін Республика алаңына жиналған мыңдаған шабуылшылар әкімдік ғимаратын басып алуға тағы да әрекеттенген.


Соңғы жаңалықтар