Қанат Саудабаев үш елдің елшілерінен Сенім грамоталарын қабылдады

None
None
анның 27-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы -  Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев үш елдің елшілерінен Сенім грамоталарын қабылдады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Атап айтқанда, Қ. Саудабаевқа Сенім грамоталарын Алжирдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Смаил Шерги, Марокко Корольдігінің Елшісі  Әбділқадыр  Лешехеб, сондай-ақ Словения Республикасының Елшісі Ада Филипп-Сливник тапсырды.

«Марокко мен Қазақстанның арасындағы қарым-қатынасының деңгейі өте жақсы деп бағалауға болады. Екі елде де халықаралық байланыстар бойынша көзқарас сәйкес келеді. Атап айтқанда, тараптардың сыртқы саясатта өзіндік салмақтылығы, бейбітшілік пен келісім тұрғысындағы бастамалары ерекшеленеді», деді Сенім грамоталарын тапсырғаннан кейінгі брифингте  Ә. Лешехеб.

Осы орайда ол екі елдің қарым-қатынастары БҰҰ, Ислам Конференциясы ұйымы аясында және басқа да халықаралық форумдарда тоғысып отырғандығын айтып өтті.

 «Біз екіжақты келісімдерде бірқатар жобалар бойынша жұмыстарды аяқтауға жақындадық. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы саласындағы келісім, сауда мен өндіріс, инвестиция, сондай-ақ сыртқы істер министрліктері арасындағы екіжақты кеңестер бойынша мәселелер қамтылған»,  деді Елші.

 Алдағы уақытта басқа да жобалар бойынша келісімдерге қол қою қаралып отырғанын жеткізген ол, жақын арада Марокко Королінің Қазақстанға келуі жоспарланып отырғандығын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар