Қанат Саудабаев ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы Жоао Соарешпен кездесті

None
None
А. Қарашаның 10-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы  Парламенттік Ассамблеясының (ПА) Төрағасы Жоао Соарешпен кездесті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу барысында Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрғалық ету алдындағы дайындығы, сондай-ақ төрағалық кезінде аталған ұйымның Парламенттік Ассамблеясымен еліміздің өзара іс-қимылы мәселесі сөз болды.

 Қазақстан төрағалығының негізгі басымдықтарымен таныстырып өткен Қ. Саудабаев, еліміз ЕҚЫҰ тиімділігін арттыруға бағытталған қадамдарды бұдан әрі жалғастыратынын айтып өтті. Осы орайда Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы ЕҚЫҰ ПА-ның сындарлы ролін құптайтынын, сондай-ақ ЕҚЫҰ аясында парламентаралық ынтымақтастықты дамыту алда тұрған мәселелерді шешудегі маңызды қарым-қатынас екенін жеткізді.

Айта кетейік, бүгін Жоао Соареш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болғаннан кейін, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановпен және Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.

Соңғы жаңалықтар