Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтердің сахна төрінде жүргеніне 40 жыл

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - ҚР еңбек сіңірген әртістері Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтердің сахнада өнер көрсетіп жүргеніне 40 жыл толды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Киелі домбыраны қолға алып, алғашқылардың бірі болып  дуэт құрған жұп Жетісудың төрі Талдықорғанда арнайы концерт берді. Мерейтойлық кешке халық көп жиналды.  Концертте "Әгугай, домбыра", "Сырғалым", "Көзіңнен айналайын", "Желбір жекен", "Жанай сылқым" сынды халықтың сүйіп тыңдайтын әндері орындалды.

Өнерде де, өмірде де жұптары жазылмаған өнерпаздар әулеті 1988 жылдан бастап Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясында еңбек етіп келеді. Дәстүрлі өнерді кеңінен насихаттап жүрген отбасы Талдықорған қаласында тұрады. Төрт баласы да ата-анасының ізін басып келеді.  Мәселен,  Айбол күйші, әнші, әрі сазгер. Ал Ербол шертер аспабында ойнайды. Ерболат халыққа танымал эстрада жұлдызы.  Салтанат қыздары  ән айтумен қатар, актрисалық өнерін де қатар алып жүр.

Айта кету керек,  Қанат Құдайбергенов Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылынан. Ал жары Айткүл Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ерлі-зайыптылар өнер  нағашыларынан  дарыды дейді.

Соңғы жаңалықтар