Қанат Оразқұлов ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Жарлығымен Қанат  Оразқұлов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Амантай Жанкеұлы Күреңбеков зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Қанат Орынтайұлы Оразқұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды.

 Қанат Орынтайұлы Оразқұлов  1970 жылы 27 қарашада Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Фурмановка ауылында туылған. 1993 жылы Қазақ ауыл шаруашылық институтын «Орман шаруашылығы» мамандығы бойынша бітірген. 2002 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.  

 Еңбек жолын 1993 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Түрген тері-орман шаруашылығы Есік орманшылығында маман болып бастаған.

1994 жылғы мамырда ҚР ҰҚК органдарына әскери қызметке қабылданған. 1994 жылдан 1997 жылға дейінгі кезеңде ҚР ҰҚК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша басқармасының бөлімшелерінде қызмет өткерген.

1997 жылғы қазаннан Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің кадр, сапарларды және ҚР Президенттің жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімшелерінде әртүрлі офицерлік және басшы лауазымдарда қызмет өткеруді жалғастырған.

2009 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметі бастығының орынбасары болып тағайындалған.

2014 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Бастығының орынбасары болып тағайындалды. 

«Елбасы қорғаны» төсбелгісімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен, ҚР Президентінен және ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысынан алғыстармен, он екі медальмен, ҚР ҰҚК Құрмет грамотасымен, ҚР ПКҚ алғыстарымен және грамотасымен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар