Қанат Мусин журналистердің сот процестерін жария етуіне тыйым салу туралы пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Жоғарғы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қанат Мусин «Хабар» телеарнасындағы «Ұлт мүддесі» бағдарламасында журналистердің сот процестерін жария етуіне тыйым салынатыны туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен бұл ұсыныс туралы БАҚ-тан білдім. Түзетуді қайтарып алу дұрыс шешім болды. Бірдеңе айтуға тыйым салу - бұл мәселенің шешімі емес. Әрине, судья БАҚ жарияланымдарына, желідегі пікірлерге қарайламауы керек. Ең бастысы, фактілерді, сотта болып жатқан оқиғаларды әр журналист үшін әр түрлі беруі мүмкін. Бірақ олар да бұрмалауға бой алдырмауы керек. Егер фактілер бұрмаланып, мұның бәрі судьяның біржақтылығы ретінде сипатталса, әділ шешім күткен азаматтар үшін бұл өте жаман. Соттың әділ болғанын қаласақ, оны көпшіліктің алдында әділетсіз етіп көрсетуден аулақ болу керек», - деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ, ол блогерлердің сот процесіне ықпал ету мүмкіндігі туралы пікір білдірді.

«Бұл да - күрделі мәселе. Бұл жерде адвокаттың көзқарасы бойынша бұрмалану бар ма деген сұраққа жауап іздеу керек. Бұл қасақана бұрмалау немесе адам түсінетін дәлелдерді субъективті қабылдау. Болуы да мүмкін. Сондықтан мәселе өте күрделі. Бірақ ол үшін блогерді жазалау артық деп ойлаймын. Ақпараттың ақ-қарасын қоғам өзі анықтауы керек. Ал қоғамның пікірі ескерілмей, блогерді жазаға сүйреу керісінше жүйеге деген сенімді әлсіретуі мүмкін», - деді Қанат Мусин.


Соңғы жаңалықтар