Қанат Мусин Жоғарғы сот судьясы болып сайланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусин Жоғарғы сот судьясы болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенат отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьясын сайлау және қызметінен босату туралы мәселе қаралды.

Отырысқа қатысушылар Денис Шиптің басқа қызметке ауысуына байланысты оны Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату туралы мәселені бірауыздан қолдады.

Сондай-ақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Сергейұлы Мусин Жоғарғы соттың судьясы болып бірауыздан сайланды.

Еске салайық, Денис Шипп Президент Жарлығымен ҚР Жоғарғы сот Кеңесінің Төрағасы лауазымына тағайындалған болатын.


Соңғы жаңалықтар