11.06.2013 16:06 Елбасының зейнетақыны жаңғырту бойынша жүктеген тапсырмалары жұртшылықтың көңілінен шығады - Г. Исімбаева АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - Елбасының зейнетақыны жаңғыртуға қатысты жүктеген тапсырмалары да жұртшылықтың көңілінен шығады. Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың зейнетақыны жаңғыртуға қатысты жасаған үндеуіне орай ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлмира Исімбаева осындай пікір білдірді.
11.06.2013 16:00 Қазақстанда паллиативтік көмек 2014 жылдан бастап белсенді түрде дамиды АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстанда паллиативтік көмек 2014 жылдан бастап белсенді түрде дамиды. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Болат Төкежанов мәлім етті. Еске салсақ, Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен өткен отырыста Қазақстандағы паллиативтік көмек мәселелері талқыланған болатын.
11.06.2013 15:44 Қазақстанда 18 мың адам паллиативтік көмекке зәру - Денсаулық сақтау министрлігі АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстанда 18 мың адам паллиативтік көмекке зәру. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Болат Төкежанов мәлім етті. Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен өткен отырыста Қазақстандағы паллиативтік көмек мәселелері талқыланған болатын.
11.06.2013 15:30 БҰҰ мәліметі бойынша Қазақстан шапшаң қартайып бара жатқан елдер қатарына жатады АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - БҰҰ мәліметтері бойынша Қазақстан шапшаң қартайып бара жатқан елдер қатарына жатады. Бұл туралы Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында депутат Надежда Петухова мәлім етті. Еске салсақ, Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен өткен комитет отырысында Қазақстандағы паллиативтік көмек көрсету мәселелері талқыланды.
11.06.2013 15:15 Жаңартылатын көздерден энергия өндіруге қолайлы жағдай жасалады АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды.
11.06.2013 14:57 Сенаторлар Қазақстан мен Ресей арасындағы достық туралы шартқа енгізілген өзгерістерді талқылады АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті.
11.06.2013 14:47 Мәжіліс Төрағасы Н. Нығматулин Түркия Президенті Абдолла Гүлмен кездесті АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - Анкарада өтіп жатқан Түркітілдес елдері Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің аясындағы шаралар шеңберінде Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Түркия Республикасының Президенті Абдолла Гүлмен кездесті.
11.06.2013 14:24 Жыл сайын әлемде 58 млн. адам көз жұмады АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісі депутаты Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті.
10.06.2013 19:13 ҰБТ ұйымдастыру жағынан да, сапа жағынан да біршама жоғары деңгейге көтерілді - Б. Жұмағұлов АСТАНА. 10 маусым. ҚазАқпарат - Биыл елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу осымен оныншы рет өткізілді. Осы жылдар ішінде Қазақстан мектептерін бітірген 1 млн. 335 мың түлек тестілеу сынағына қатысыпты. Айта кетерлігі, он жыл бойында ҰБТ әбден тәжірибеден өтіп, жан-жақты сараланып, орын алған олқылықтар мен кем-кетіктерінің түзелетін уақыты жеткені айқын. Дегенмен, биылғы тестілеу сынағының өзі түлектер білімін бағалаудағы ҰБТ сапасын да, деңгейін де арттырған секілді. Осыған орай, бүгін бірқатар БАҚ өкілдерінің басын қосқан Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың эксклюзивті сұхбатына ҚазАқпарат тілшісі де қатысқан болатын.
10.06.2013 18:00 «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасында жобаларды қаржыландыру ставкасы 7 пайызды құрайды АСТАНА. 10 маусым. ҚазАқпарат - «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жобаларды қаржыландыру ставкасы 7 пайызбен бекітілді. Бүгін брифингте ҚР Өңірлік даму министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрайымы Ғалия Жолдыбаева осылай мәлім етті.
10.06.2013 16:21 «КАТЕV» қоры «Болашаққа бастаған жарқын 20 жыл» атты мерекелік шара ұйымдастырмақ АСТАНА. 10 маусым. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстанның білім мен мәдениет саласында қызмет көрсету арқылы қазақ-түрік арасындағы достық пен татуластықтың алтын көпірі болып отырған «КАТЕV» Халықаралық қоғамдық қорына 20 жыл толып отыр. Осыған орай, «КАТЕV» Халықаралық қоғамдық қоры кең көлемде «Болашаққа бастаған жарқын 20 жыл» атты мерекелік іс-шара өткізеді. Бұл туралы қордың баспасөз қызметінен хабарланды.
10.06.2013 16:16 «Бизнестің жол картасы-2020» аясында жобаларды субсидиялау 1,5 млрд теңгеге дейін азайтылды АСТАНА. 10 маусым. ҚазАқпарат - «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында субсидияланатын жобалардың ең жоғарғы мөлшері 4,5 млрд теңгеден 1,5 млрд теңгеге дейін азайтылды. Бүгін брифингте ҚР Өңірлік даму министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрайымы Ғалия Жолдыбаева осылай мәлім етті.
10.06.2013 16:01 ҰБТ-дан өткендердің тең жартысы ғана грантты иелене алады АСТАНА. 10 маусым. ҚазАқпарат - ҰБТ-дан өткендердің тең жартысы ғана грантты иелене алады. Бүгін БАҚ өкілдеріне ҰБТ нәтижесі бойынша эксклюзивті түсіндірме берген Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов осылай мәлімдеді.
10.06.2013 14:59 Жоғары оқу орындарының ақысы мемлекеттік грант бағасының көлемінде болуы қажет - Білім министрі АСТАНА. 10 маусым. ҚазАқпарат - Жоғары оқу орындарының ақысы мемлекеттік грант бағасының көлемінде болуы қажет.
10.06.2013 14:34 Қазақстандық парламентшілер Анкарада ТүркПА аясындағы шараларға қатысуда АСТАНА. 10 маусым. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған қазақстандық парламентшілер делегациясы бүгін Анкарада басталған Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің аясындағы шараларға қатысуда.
10.06.2013 14:08 2015 жылдан бастап ҰБТ екі кезеңмен өтеді - Білім министрі АСТАНА. 10 маусым. ҚазАқпарат 2015 жылдан бастап елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу екі кезеңмен жүзеге асатын болады.
10.06.2013 13:59 ҰБТ: «Алтын белгіге» үміткерлердің 34 пайызы өз білім деңгейін дәлелдеді АСТАНА. 10 маусым. ҚазАқпарат - Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесінде үміткерлердің 34 пайызы өз білім деңгейін дәлелдеп шықты.
10.06.2013 13:49 Биыл ҰБТ сұрақтарына қатысты ешқандай ескертулер болған жоқ - Білім министрі АСТАНА. 10 маусым. ҚазАқпарат - Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырмаларына қатысты ешқандай ескертулер болған жоқ.
10.06.2013 13:40 10 жылда 1 млн. 335 мың адам ҰБТ-дан өтті - Білім министрі АСТАНА. 10 маусым. ҚазАқпарат - Биыл біз Ұлттық бірыңғай тестілеуді Қазақстанда оныншы рет өткізіп отырмыз.
10.06.2013 13:08 ҰБТ-да ең жоғары көрсеткіш 125 балға 7 түлек қол жеткізді - Б. Жұмағұлов АСТАНА. 10 маусым. ҚазАқпарат - Ұлттық бірыңғай тестілеуде шекті 50 балл көрсеткішке қол жеткізе алмағандардың саны 27465 түлекті немесе өтініш бергендердің 28,8 пайызын құрайды.