20.06.2013 20:31 Қазақстанның «жасыл» дамуына басымдықтар арта түсетін болады АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев былтырғы жылғы «Қазақстан-2050» стратегиясы жарияланған жолдауында жаһандық энергетикалық қауіпсіздік мәселесін ғаламдық сын-қатерлердің қатарына жатқызған болатын.
20.06.2013 17:07 Бірқатар облыстардағы жол салуға жаңа «Сларри Сил» түрі қолданылады - Көлік министрлігі АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі еліміздің бірқатар облыстарындағы жол құрылысына жол жабындысының жаңа «Сларри Сил» түрін пилоттық тәртіпте қолдануды жоспарлап отыр.
20.06.2013 16:50 Педофилдерге қатысты қатаң жаза қолданатын мезгіл жетті - М. Алтынбаев АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған сенатор Мұхтар Алтынбаев педофилдерді қатаң жазалайтын заң қабылдау мәселесін көтерді.
20.06.2013 16:39 Күн санап қатары азайып бара жатқан ардагерлер туралы заңды тезірек қабылдасақ игі - Қ. Айтаханов АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Ардагерлер туралы заңды тезірек қабылдасақ игі.
20.06.2013 16:07 Президенттің «Болашақ» бағдарламасы тәуелсіз Қазақстанға қажетті мамандар даярлаудағы маңызды міндетін толық орындады - М. Тәжин АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Шет елдерде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы болып өтті.
20.06.2013 14:55 Ертіс өзеніне әлемдік экологиялық апат қаупі төніп тұр - Ғ. Есім АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Жедел шаралар қабылданбаса Ертіс өзеніне әлемдік деңгейдегі алапат экологиялық қауіп төніп тұр.
20.06.2013 14:34 Төрелік және аралық соттар құзыреті нығаяды - Парламент АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төреліктің және аралық соттың қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша келісім комиссиясының ұсыныстарын талқылады.
20.06.2013 11:54 Парламент жаңартылатын энергия көздерін қолдайтын заңды қабылдады АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң екінші оқылымда қабылданды.
20.06.2013 11:37 Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласында инвестиция үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жаңа нысандарын енгізу және олардың қолдану салаларын кеңейту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екі оқылымда талқылап, құжатты қабылдады.
20.06.2013 11:29 Жетім балалардың тұрғын үйге құқығын қамтамасыз ететін ҚР Заңы қабылданды АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңы қабылданды.
20.06.2013 11:24 Парламент автожол саласын реформалауға бағытталған заңды қабылдады АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне автожол саласын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екі оқылымда қарап, құжатты қабылдады.
20.06.2013 11:07 Парламент: Қазақстанда азаптауларды болдырмауды қарастыратын ұлттық алдын алу тетігі алғаш рет енгізіледі АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алуға бағытталған ұлттық алдын алу тетігін жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
20.06.2013 10:35 Еуропа банкі «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізіне 142 млн. доллар қарыз береді - Парламент АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Еуропа қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді («Шымкент-Ташкент» жолының учаскесін реконструкциялау) ратификациялау туралы» заңы қабылданды.
20.06.2013 10:14 Қазақстан-Ресей шекарасынан өту жеңілдетіледі - Парламент АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасында бірлескен бақылауды жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады.
19.06.2013 18:41 Венада ЕҚЫҰ-ның «Қауіпсіздік күндері» өтті АСТАНА. 19 маусым. ҚазАқпарат - 17-18 маусымда Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Л. Заньердің бастамасы бойынша дәстүрге айналған ЕҚЫҰ-ның «Қауіпсіздік күндері» өтті. Бұл жолы аталған шара «ХХІ ғасырдағы ЕҚЫҰ» тақырыбына бағышталды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
19.06.2013 18:21 Қазақстанда жол полициясы мен патруль полициясы бірігіп, әмбебап полицейлер жұмыс істейтін болады АСТАНА. 19 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстанда жол полициясы мен патруль полициясы біріктірілетін болады. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Жол жүрісі туралы» заң жобасын талқылау барысында
19.06.2013 18:12 Кәсіпкерлерді қолдау өңірлік деңгейге ауысатын болады - Премьер-Министр орынбасары - Өңірлік даму министрі Б. Сағынтаев АСТАНА. 19 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына келді. Күннің алғашқы жартысында Бірінші вице-премьер 2011 жылы пайдалануға берілген Көксарай қарсы реттегішін қарап шықты. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
19.06.2013 17:28 Көлік жүргізушілеріне рульде отырып шылым шегуге тыйым салынуы мүмкін АСТАНА. 19 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстанда көлік жүргізушілеріне рульде отырып шылым шегуге тыйым салынуы мүмкін. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Жол жүрісі туралы» заң жобасын талқылау барысында депутат Омархан Өксікбаев осы мәселені көтерді.
19.06.2013 16:25 Р. Халмұрадов: Мақта талшығының тұрақтандыру қорын құру қажет АСТАНА. 19 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Розақұл Халмұрадов мақта талшығының тұрақтандыру қорын құру туралы мәселе көтеріп, Үкімет басшысының атына сауал жолдады.
19.06.2013 15:55 Былтыр өрт сөндіру үшін 15720 шығу жасалып, көрсеткіш 11 пайызға артты - ТЖМ АСТАНА. 19 маусым. ҚазАқпарат - Былтыр өрт сөндіру үшін 15720 шығу жасалып, көрсеткіш 11 пайызға артты. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Азаматтық қорғау туралы» заң жобасын талқылау барысында мәлім болды.