Қанат Қожықаев Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданына әкім болды

None
Фото: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі және Ұлытау облысы әкімінің өкімімен Қожықаев Қанат Шубайұлы Жаңаарқа ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қанат Шубайұлы 1967 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінде дүниеге келген. 1991 жылы Целиноград ауылшаруашылығы институтын, 2008 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін агрономия және экономика саласын құқықтық реттеу мамандықтары бойынша бітірген.

1991-1993 жылдары Жаңаарқа ауданының Дружба совхозының агрономы;

1993-1999 жылдары Жаңаарқа ауданының жер ресурстарының басқару комитетінің бас маманы;

1999-2005 жылдары Жаңаарқа ауданының жер кадастрлық «Қарағанды ҒӨО жер» филиалының директоры;

2005-2006 жылдары Қарағанды облысы бойынша «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК Жаңаарқа филиалының маманы;

2006-2007 жылдары Қарағанды облысы бойынша «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК Жаңаарқа филиалының меңгерушісі;

2007-2008 жылдары Жаңаарқа ауданының әділет басқармасының консультант тіркеушісі;

2008-2010 жылдар Қарағанды облысы бойынша «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМҚК Жаңаарқа филиалының меңгерушісі;

2010 жылы «Қарағанды жер Ғылыми Өндірістік Орталығы» Жаңаарқа филиалының директоры;

2011-2016 жылдары Жаңаарқа ауданының әкімі аппаратының басшысы;

2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Жаңаарқа ауданы әкімнің орынбасары лауазымында еңбек еткен.


Соңғы жаңалықтар