Қанат Қасымжанов «Қазмедиа орталығы» БК» ЖШС Бас директоры қызметіне тағайындалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қанат Қасымжанов «Қазмедиа орталығы» БК» ЖШС Бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Қасымжанов Қанат Сәкенұлы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, the University of Glasgow, Adam Smith Business School-ді бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы «Казкоммерцбанк» АҚ бастап, «Қазақстан Халық банкі» АҚ-да, «Еуразиялық банк» АҚ-да менеджер, аға менеджер, басқарма бастығы, Астана халықаралық қаржы орталығының бас менеджері лауазымдарын атқарды.

Бұған дейін «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС Бас директорының қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

Айта кетейік, «Қазмедиа орталығы» басқаруш компаниясы» ЖШС Бас директоры қызметін атқарып келген Ләззат Жүнісованың «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз,



Соңғы жаңалықтар