Қанат Исламның промоутері: Оның өз халқына деген махаббаты жеңілуге жол бермейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Қанат Исламның (24-0, 19 КО) промоутері Нельсон Лопес канадалық Брэндон Кукпен (18-0, 11 КО) айқасқа дайындық туралы айтты, деп хабарлайды Sports.kz FDB Plus-қа сілтеме жасап.

«Қанат лагерьде керемет жұмыс атқарды: оның диетасы, зейіні, жаттығуы, оның күші, оның командасы - бәрі оған пайдалы болды. Оның жанкүйерлері де ғажап - ол солар үшін жаттығып, рингке шығады. Оның өз халқына деген махаббаты жеңілуге жол бермейді. Біз осы ұсынысты қабыл алғаны үшін Куктың командасына алғыс айтамыз, бірақ мен Қанаттың әсерлі жеңісін күтемін», - деді Лопес.

Еске салайық, 9 қыркүйек күні «ЭКСПО» халықаралық көрмесі аясында Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде бокс кеші өтіп, онда Қанат Ислам (24-0,19 КО) канадалық Брэндон Кукпен (18-0, 11КО) жұдырықтасады. Боксшылар бірінші орта салмақтағы IBF титулына үміткерлікке таласады. Осы жекпе-жектің андеркартында қазақстандық 8 спортшы өнер көрсетеді. Олар - Жанқош Тұраров (21-0, 15КО), Жәнібек Әлімханұлы (1-0, 1КО), Мейірім Нұрсұлтанов (3-0,2КО), Руслан Мырсатаев (3-0, 3КО), Әли Ахмедов (7-0,5КО), Айдос Ербосынұлы (6-0, 6КО), Димаш Ниязов (11-0-3, 5КО) және Нұрсұлтан Жаңабаев.

Соңғы жаңалықтар