Қанат Исламның орнына қазақстандық қай боксшының айқасы өтетіні анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (6-0, 5 КО) кезекті айқасы өтетін уақыт белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Отандасымыз 23 маусым күні Лос-Анджелестегі (Калифорния штаты) Belasco Theater аренасында мексикалық Хосуэ Обандомен (16-20-1, 12 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек 6 раундқа есептелген.

Айта кетейік, осы кештің аясында Қанат Исламның мексикалық Фернандо Каркамомен жекпе-жегі өтуі тиіс еді. Алайда жерлесіміздің аяғын жарақаттап алуына байланысты кездесуден бас тартуға тура келді.

Шоу ұйымдастырушысы -  Golden Boy промоутерлік компаниясы. Кештен ESPN2 телеарнасы тікелей эфир арқылы хабар тарататын болады.

Нұрсұлтанов пен Исламның кәсіпқой бокстағы істерімен танымал менеджер Эгис Климас айналысады. 

Соңғы жаңалықтар