Қанат Исламның кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Қанат Исламның (28-0, 22 КО) келесі қарсыласы кім болатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақтың» рингке оралуы 2022 жылдың 21 қаңтарында АҚШ-тың Флорида штатына қарасты Плант-Ситиде өтеді. Боксшының қарсыласы британдық Джимми Келли (25-2, 10 КО) болмақ.

Манчестердің 29 жастағы тумасы соңғы жекпе-жегін өткізгеніне көп уақыт өткен жоқ – 12 желтоқсанда Экклсте үшінші раундта өз отандасы Гарри Мэттьюсті

(16-50-3, 2 КО) нокаутқа жіберді.

2015 жылы Келли WBO нұсқасы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін оның сол кездегі иегері – Лиам Смитпен жұдырықтасты, алайда сол кезде техникалық нокаутпен жеңіліп қалған болатын.

Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін 20 ақпан күні Майамиде өткізген. Эквадорлық боксшы Джейсон Миндумен(14-5-1, 8 КО) болған жекпе-жектің жетінші раундында қарсыласын техникалық нокаутпен жеңген.

Бұл – қазақстандық боксшының 2019 жылдан бері рингке бірінші шығуы еді.


Соңғы жаңалықтар