Қанат Исламның кезекті жекпе-жегіне қатысты тың ақпараттар мәлім болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) 23 маусымда рингке қайта оралады, деп хабарлайды Sports.kz.

BoxRec.com танымал сайтының мәліметтері бойынша, Қанат Лос-Анджелестегі Belasco Theatre (АҚШ, Калифорния штаты) ойын-сауық кешенінде жұдырықтасады. Әзірге оның қарсыласы белгісіз. Алайда кездесудің 10 раундқа есептелгені айтылады. Шараны Golden Boy Promotions компаниясы ұйымдастырған. АҚШ-та бұл кешті ESPN2 телеарнасы трансляциялайды. Бұл шоудың хедлайнерлерінің кім болатыны да әзірге белгісіз. Кештің басты кездесуі Вирджил Ортис (9-0, 9 КО) - Хуан Карлос Сальгадо (27-8-1, 16 КО) жекпе-жегі болмақ.

Айта кетейік, Ислам өзінің соңғы кездесуін 2017 жылдың қыркүйегінде Астанада өткізген болатын. Тоғызыншы раундта ол канадалық боксшы Брэндон Кукты (20-1, 13 КО) техникалық нокаутпен жеңді. .

Соңғы жаңалықтар