Қанат Исламның келесі жекпе жегі қашан өтетіні белгілі болды
«Жақында біз жарыстан соң Qazaq Promotions басшысымен бірге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болдық. Бұл біз үшін үлкен мәртебе. Оның қолдауы біздің ынтамызды арттыра түсері сөзсіз. Біздің тауда жүргенімізге он күн болды. Осында жарысқа дайындалып жатырмыз. Келе жекпе-жек 26 қазанға жоспарланды. Оған жауапкершілік те үлкен. Осында АҚШ-тан менің бұрынғы промоутерім Нельсон Лопес келді. Сол кісінің арқасында мен кәсіпқой боксты біліп, таныдым. Америкада әрдайым қолдап жүрді. Алматыда бақ сынағымыз келеді. Мақсатымыз – елімізді, әсем қаламыз бен оның табиғатын мақтанышпен таныту», - деді боксшы YouTube-тегі Qazaq Promotion каналында жарияланған видеода.
Еске сала кетейік, Қанат Ислам өзінің соңғы жекпе-жегін 5 шілдеде Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткізген болатын. Онда ол алғашқы раундтың 14 секундында доминикандық Хулио де Хесусаны нокаутқа түсіріп, орта салмақта WBO International белбеуін жеңіп алған болатын.