Қанат Исламның қарсыласы белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қанат Исламның 26 қазанда Алматы қаласында өтетін кәсіпқой бокс кешіндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Qazaq promotions» компаниясының instagram парақшасына сілтеме жасап.

Қанат Ислам (26-0, 21 KO) келесі жекпе-жекте Уолтер Каутондоквамен (18-1, 17 КО) кездеседі.

«Кездесуде Қанат Исламға тиесілі бірінші орта салмақта WBO International чемпион атағы сарапқа салынады. Уолтер Каутондоква WBO нұсқасы бойынша ТОП-10 боксшының тізімінде 10-шы орында. 2018 жылы Уолтер Каутондоква WBO-ның орта салмақтағы чемпионы Деметриус Андрадемен (26-0, 17КО) кездескен», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қанат Ислам өзінің келесі жекпе-жегінің қашан өтетінін жариялаған болатын.

«Келесі жекпе-жек 26 қазанға жоспарланды. Оған жауапкершілік те үлкен. Осында АҚШ-тан менің бұрынғы промоутерім Нельсон Лопес келді. Сол кісінің арқасында мен кәсіпқой боксты біліп, таныдым. Америкада әрдайым қолдап жүрді. Алматыда бақ сынағымыз келеді. Мақсатымыз – елімізді, әсем қаламыз бен оның табиғатын мақтанышпен таныту», - деді боксшы YouTube-тегі Qazaq Promotion каналында жарияланған видеода.



Соңғы жаңалықтар