Қанат Исламның Алматыдағы титулды жекпе-жегіне билеттер сатыла бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кәсіпқой боксшы Қанат Исламның Алматыда 26 қазанда өтетін титулды жекпе-жегіне билеттер сатыла бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бокс жанкүйерлері күткен жаңалық «Qazaq promotions» компаниясының instagram парақшасында жарияланды.
«Билеттер сатылымы басталды! Zakazbiletov.kz - профильдегі белсенді сілтеме. Сондай-ақ, оффлайн түрде «ZAKAZBILETOV.KZ кеңсесінен (Наурызбай батыр 152А мекенжайынан), «Овация» тұрғын үй кешенінің 4 кеңсесінен алуға болады. Жұмыс кестесі 10:00-18:00 аралығы. Билеттер үзіліссіз, сенбі және жексенбі-демалыс күндері де сатылады. Сондай-ақ, Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайы ғимаратындағы - «Visit Almaty» орталығынан билет алуға болады», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қанат Исламның қарсыласы белгілі болғанын жазған едік.
Аталған бокс кешінде басты жекпе-жек Қанат Ислам (26-0, 21 КО) мен намибиялық Уолтер Каутондоква (18-1, 17 КО) арасында өтеді. Ал осы бокс кеші аясында тағы Арман Рысбек (6-0, 5 КО), Руслан Мырсатаев (6-0, 6 КО), Асқар Ерубек (1-0, 1 КО), Нұрсұлтан Аманжолов (1-0, 0 КО) пен Бексұлтан Раушановтың (5-1, 3 КО) жекпе-жектері жоспарланған.
- WADA Ресейді Олимпиададан төрт жылға шеттетті
- Алматыда бокс кешенінде кімдер өнер көрсетеді
- Дмитрий Баландин АҚШ-тағы чемпионатта «күміс» алды
- ҚР Бокс федерациясы биылғы жылдың үздіктерін анықтады
-
Гандболдан Әлем чемпионаты: Қазақстан командасы Қытайды жеңді
-
KWU киокушинкайдан ӘЧ: Қазақстандық каратешілер үш алтын медаль иеленді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам