Қанат Исламға «Канелоның» экс-қарсыласымен кездесу ұсынылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Қанат Исламға (25-0, 20 КО) WBO тұжырымы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін таласып көруге ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның ықтимал қарсыласы ретінде британдық Лиам Смит (26-1-1, 14 КО) аталды. Смит Сауль Альварестің бұрынғы оппоненті (49-1-2, 34 КО). Айта кетейік, Смит қазір WBO-ның «уақытша белдігіне» ие: белдік толыққанды Мигель Коттоға (41-5, 33 КО) тиесілі. Котто 2 желтоқсан күні оны Садам Алимен (25-1, 14 КО) болатын айқаста қорғап қалуға тырысатын болады.

«WBO Қанат Ислам мен Лиам Смиттің жекпе-жегін санкцияласын. Әлем чемпионы белдігі Котто Алиді жеңгеннен кейін бос болады», - деп жазады EspaBox.com журналисі Джулиус Джулианис.

Еске салайық, Котто Алимен өтетін кездесуден кейін кәсіби мансабын аяқтауды жоспарлауда. Жекпе-жек 2 желтоқсан күні Нью-Йоркте өтеді.

 

 

Соңғы жаңалықтар