Қанат Ислам жыл спортшысы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қанат Ислам қазақстандық «Жыл таңдауы» жобасының нұсқасы бойынша жылдың үздік спортшысы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Қанат Исламның PR-менеджері Берік Сұлтан Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

null 

«Қанат Ислам «Жыл таңдауы» жобасының нұсқасы бойынша жыл спортшысы атанды. Кəсіпқой рингте 25 кездесу өткізіп барлығында жеңіске жеткен, оның 20-сын нокаутпен ұтқан ұлтымыздың мақтанышы, WBA intercontinental, WBO NABO чемпиондық белбеуінің иегері Қанат Ислам «Қазақстандағы №1 жыл таңдауы» - «Алтын адам» сыйлығының лауреаты жəне «Жыл спортшысы» атанды», - дейді Берік Сұлтан.

null 

Еске сала кетейік, бірінші орта салмақта жұдырықтасатын Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін Астана қаласында Брэндон Кукке қарсы өткізіп, 9-шы раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Сөйтіп отандасымыз бірінші орта салмақтағы WBO, NABO және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерін қорғап қалды.

null null 

Соңғы жаңалықтар