Қанат Ислам желтоқсан айында тағы бір жекпе-жек өткізуі мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАҚпарат - WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы қазақстандық белгілі кәсіпқой боксшы Қанат Ислам желтоқсан айының ортасында тағы бір кездесу өткізуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы боксшы Қазақстан Ұлттық арнасының «Таңшолпан» бағдарламасына берген сұхбатында мәлім етті.

«Жалпы, командамыздың жоспары бойынша желтоқсан айының ортасында тағы бір кездесу өткізу жоспарда бар. Оны промоутерлерім шешетін болады. Ұсыныс жасаған боксшылар да жеткілікті, мүмкін болса жаңа жылға дейін тағы бір керемет бокс кешін өткіземіз», - деп атап өтті Қанат Ислам.

Осы орайда айта кетейік, бүгін Исламның туған күні. Ол 1984 жылы 13 қыркүйекте Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданы, Алтай аймағы, Қаба ауданында дүниеге келген.

Ол - әуесқой бокста жүргенде Қытай Халық Республикасының Ұлттық құрамасында Бейжің Олимпиадасы мен Чикагода өткен Әлем чемпионатының (2007) және Азия ойындарының (2006) қола жүлдегері атанған болатын. Қытайдың 10 дүркін чемпионы. Қанат Ислам тарихи Отанына 2010 жылы оралып, қазір кәсіпқой бокста, Нельсон промоутерлік клубы атынан шаршы алаңға шығып жүр. Қазірге дейін 25 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Соңғы жекпе-жегін 9 қыркүйек күні Астанада Брэндон Кукке қарсы өткізіп, техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар