+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Қанат Ислам жастарды Almaty Urban Fest-ке қатысуға шақырды

2019 жылғы 6 қыркүйек 16:12
Бөлісіңіз:
Қанат Ислам жастарды Almaty Urban Fest-ке қатысуға шақырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алдағы демалыс күндері, 7-8 қыркүйекте «Almaty Arena» спорт кешенінде қалалық Almaty Urban Fest спорт фестивалі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қанат Ислам әлемдік рейтингіде 17-орынға көтерілді Қанат Исламның Алматыдағы титулды жекпе-жегіне билеттер сатыла бастады
Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов аталған шараның «Qazaqstan Jastar Fest» республикалық челлендж аясында өтетінін хабарлады.

«Алматы челленджді Нұр – Сұлтаннан қабылдады. Біз өзімізден кейін оны Қазақстанның батысындағы қалалардың біріне тапсырамыз»,- деді Рүстем Байсейітов.

Баспасөз мәслихатына қатысқан танымал кәсіби боксшы Қанат Ислам жастарды белсенділікке, салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырды.

«Біз қашанда жастарға қолдау көрсетеміз және көше спорты түрлерін дамытуға ықпал етеміз»,- деп атап өтті Қанат Ислам.

Almaty Urban Fest 7 қыркүйек таңғы сағат 10-00-де басталады. Спорттың мына түрлері бойынша іріктеу жарыстары өтеді:
- Streetball 3х3 (жігіттер 2007-2004, жігіттер 2003-2001, жігіттер 2000-1996, қыздар 2және бұдан жоғары)
- Workout (freestyle және base wars)
- Armwrestling ( ерлер: 60, 70, 80, 90, 90+ қоссайыс, оң және сол қолдар бойынша жеке абсолютті салмақ категориясы бойынша. Әйелдер: абсолюті салмақ категориясы)

- Кәсібилер арасында роликтер (агрессив инлайн)
- Әуесқойлар мен кәсібилер арасында самокаттан жарыс (кик скутер)
- Әуесқойлар мен кәсібилер арасында скейтбордтан жарыс
- Әуесқойлар мен кәсібилер арасында ВМХ.
- BMX Freestyle Show
- Dance Battle All Styles 1х1 (Hip hop, Waacking, Dancehall, Breaking, House, Popping, Locking, Vogue)

8 қыркүйек күні супер финал өтеді. Басталуы: күндізгі сағат 12:00 Аяқталуы - 19:00. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі - 19:30.

Фестиваль кезінде мына спорт түрлері бойынша белсенділік танытуға болады:

- WKF Карате бойынша жаттығулар және көрсетілімдер;
- Graffiti и Street art от Repas Workshop;
- Қалалық тақырыптық квест;
- Karaoke-Battle;
- Арт-инсталляция, спорттық және шығармашылық шеберлік сабақтары;
- Балалар белсенділігі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Фестиваль, Спорт, Бокс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT