Қанат Ислам жас боксшыларды «Қазақ» командасына шақырды
Ол "Қазақ" командасына ауыр салмақтағы боксшымыз Руслан Мырсатаевтың да қосылғанын хабарлады. Қазір Руслан АҚШ-та Қанат Исламмен бірге бір залда жаттығу жасауда.
«Міне бүгін Kazakh team командасына Руслан Мырсатаев келіп қосылды. АҚШ-тағы ортамыз тағы бір қазаққа көбейді. Америкадағы Kazakh team командасы қазақтарды әлемге танытуды мақсат етіп отыр. Қазақтың жастары, қазақтың батырлары келіңдер, біздің командаға қосылыңдар! Қазақтың туын бірге көтерейік, Алға Қазақстан!» - деді видео жолдауында Қанат Ислам.
Видеоны желіге Қанат Исламның ақпараттық көмекшісі Берік Сұлтан жүктеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қанат Ислам 17 ақпанда бразилиялық Робсон Ассиспен жұдырықтасады. Қазір қызу дайындалып жатыр. Жекпе-жекті "Қазақстан" арнасы тікелей эфирден көрсетеді деп жоспарлануда.