Қанат Ислам жанкүйерлері үшін ашық жаттығу өткізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қанат Ислам жанкүйерлері үшін ашық жаттығу өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қанат Ислам жекпе-жек алдында БАҚ өкілдері мен жанкүйерлері үшін арнайы ашық жаттығуын өткізбек. Іс-шара 15 қазан, сағат 11:00-де Сейфуллин-Мақатаев көшелерінің қиылысындағы «Mega park» сауда ойын-сауық орталығының 3 қабатында өтеді. Арнайы ринг құрылады. Қанат Ислам жаттығуды бапкері Нелсон Лопезпен бірге жасайды», - делінген Алматы қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы таратқан ақпаратта. 

Айта кетерлігі, Қанат Ислам жаттығу соңында БАҚ өкілдеріне арнайы сұқбат беріп, жанкүйерлер үшін сыйлықтар таратуы жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейік, 29 қазанда Алматыда «Алматы арена» спорт кешенінде Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің жекпе-жегі өтеді. Қанат Ислам өзінің «WBA fedelatin» чемпиондық белбеуін қорғап, жартылай орта салмақта «WBO intercontinental» тұжырымының чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасады.

null  

Соңғы жаңалықтар