Қанат Ислам WBC ұйымындағы 15 үздіктің тізімінен шығып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (69 кг-ға дейінгі салмақ) WBC ұйымының 15 үздік спортшысынның қатарынан шығып қалды, деп жазады «SPORTINFORM» САА.

Осыған дейін Ислам Бүкіләлемдік бокс кеңесінің әлемдік табелі бойынша 9-шы орында тұрған болатын.

Алайда Ұанат өзге танымал бокс ұйымдарының рейтингінде өзінің орнын сақтап қалды. Айталық WBA рейтингінде ол 2-ші орында тұрса, IBF-те үшінші, Ring-те 4-ші орында тұр.

Айта кетейік, Қанат Ислам (25-0-0, 20 KO) кеше «Belasco Theater»-дегі бокс кешінде өнер көрсетуі тиіс болатын. Алайда Қанат жарақат алып қалып, оны Эгис Климастың командасындағы өзге боксшы Мейірім Нұрсұлтанов алмастырды және ол бүгін кәсіпқой рингтегі өзінің кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар