Қанат Ислам «Qazaq promoutions» компаниясының болашағы туралы айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Танымал кәсіпқой боксшы, «Qazaq promoutions» компаниясының негізін қалаушы Қанат Ислам Астанада өткен бокс кешінің нәтижелері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы алғанда бокс кеші өте жақсы өтті. Біздің боксшылардың қарсыластары шетінен мықты болды. Ең бастысы жанкүйерлердің көңілінің кілтін таба білдік. Оларды алдау мүмкін емес. Руслан Мырсатаев, Асхат Уәлиханов, Айдар Шәрібаев пен Абылайхан Құсайынов сияқты спортшыларымыз тиімді тактикасының арқасында алдыңғы қатарға шыға білді. Өкінішке орай, әзербайжандық Фарид Әлиевтің бас тартуының кесірінен Елшат Нығматуллаұлы WBC белбеуі үшін Мардан Берікбаевпен қолғап түйістірді», - деді Қанат Ислам.

Сондай-ақ, Қанат Ислам бокс кештерін жиі өткізуді жоспарлап отырғанын  да айтты.

«Біз қазақстандық боксшыларға қатысты үлкен жоспар құрып отырмыз. Әрбір бокс кеші арқылы боксшылардың шеберлігін шыңдап, әлемдік ареналарға дайындайтын боламыз», - деді Қанат Ислам.

Соңғы жаңалықтар