Қанат Ислам: «QAZAQ promotions» есігі барлық қазақ боксшыларына ашық

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - «QAZAQ promotions» қазақ боксшыларының кәсіпқой бокста жетістікке жетуіне көмектеседі. Бұл туралы промоутерлік компаниясының негізін қалаушы, танымал кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам Астана қаласында өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қанат Ислам промоутерлік компанияның алдағы жоспарларымен бөлісті.

«Промоутерлік компанияны АҚШ-та жүрген кезімде құрдым. Басты мақсатымыз - қазақ кәсіпқой боксын дамыту. Елімізде талантты боксшылар көп, алайда барлығы ұлттық құрама қатарына кіріп, олимпиадаға қатысуға мүмкіндік ала бермейді. Ал келесі Олимпиадаға қатысуға үшін тағы қаншама жылдарын өткізіп алады. Сондықтан, біз осы спортшылардың кәсіпқой бокста жетістікке жетуіне көмектессек деп ойлаймыз. Әзірге нақты ешкіммен келісімшарт жасасқан жоқпыз. Алайда, біз барлық қазақ боксшыларына қолдау көрсетеміз», - деді Қанат.null 

Айта кетейік, 16 желтоқсан күні Астана қаласындағы  «Дәулет» спорт сарайында кәсіпқой бокс кеші өтеді. Бокс кешінде Айдар Шарыбаев, Елшат Нығыметоллаұлы, Асхат Уалиханов, Абылайхан Құсайынов және Руслан Мырсатаев шаршы алаңға шығады.

Соңғы жаңалықтар