Қанат Ислам-Патрик Аллотей жекпе-жегінің толық видеосы
2016 жылғы 30 қазан 11:54

Қанат Ислам-Патрик Аллотей жекпе-жегінің толық видеосы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Интернетте Қанат Ислам мен Патрик Аллотей арасындағы жекпе-жектің толық видеосы жарияланды.

Еске салайық, 29 қазан күні Алматыдағы «Алматы арена» мұз сарайында көптен күткен кәсіпқой бокс кеші өтіп, онда қазақстандық Қанат Ислам мен ганалық боксшы Патрик Аллотей жұдырықтасқан болатын. Салмақтары 68 келі боксшылардың жекпе-жегі 12 раундқа жалғасты. Нәтижесінде, Қанат Ислам қарсыласын ұпай санымен ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осылайша, қазақстандық былғары қолғап шебері супер орта салмақта (69 келі - ред.) WBO (Әлемдік бокс ұйымы) тұжырымы бойынша құрлықаралық чемпион және IBO (Халықаралық бокс ұйымы) тұжырымы бойынша халықаралық чемпион атағын алады. Ол сондай-ақ WBA Fedelatin нұсқасы бойынша Америка аймағы чемпионы атағын қорғап қалды.

Еске салайық, аталмыш бокс кешінде Қанат Исламнан бөлек, өзге алты отандасымыз рингке шықты. Атап айтқанда, Жәнібек Әлімханұлы АҚШ спортшысы Милтон Нунезбен, Жанқош Тұраров ганалық Азек Ариимен,

Руслан Мырсатаев ганалық Нуху Азумимен, Әли Ахметов әзербайжандық Әли Маммедовпен, Айдар Шәрібаев испаниялық Хуан Венено Окуромен және Жұман Жұмабеков Беларусь боксшысы Владимир Ивановпен күш сынасты. Қазақстандық боксшылардың барлығы жекпе-жектерін жеңіспен аяқтады.

Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT