Қанат Ислам Мэнни Пакьяомен жекпе-жекке шығуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшысы Қанат Qazaq Ислам Алматыда әйгілі филиппиндік Мэнни Пакьяомен жұдырықтасуы мүмкін.

Бұл туралы боксшының  PR менеджері Берік Сұлтан facebook желісіндегі парақшасында жазды. «Пакьяоның командасы дайын болса, QAZAQ командасы дайын. 22 наурыз Алматы қаласы "Almaty arena" спорт кешенінде бокс жанкүйерлері үшін үлкен шоу жасауға біз сақадай саймыз. Пакменнің командасы келіссе болды», - делінген жазбада.

Айта кетейік, Қанат Ислам соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерін қорғап қалған еді. Ал филиппиндік боксшы соңғы рет 2 шілде күні Аустралияда жекпе-жек өткізіп, Джеф Хорннан жеңілген еді.

Соңғы жаңалықтар