Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров IBF рейтингінде өз орындарын сақтап қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - IBF тұжырымы бойынша әлем боксшылары рейтингінің жаңартылған нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды Sports.kz .

Қазақстандық боксшылар Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров тізімде өз орындарын өзгерткен жоқ - Ислам бірінші орта салмақтағы рейтингте үшінші, ал Тұраров - жартылай орта салмақтағы ТОП-15-те 12-ші орында қалды. 

Айта кетейік, рейтинг тамыз айындағы нәтиже бойынша жарияланған және Ислам мен Тұраровтың 9 қыркүйектегі айқастарының  жеңістерін есепке алмаған. Біздің боксшылардың позициялары келесі айдағы релизде өзгеруі мүмкін.

Еске салайық, сенбі күні Астанада бокс кеші өтті. Оның аясында Қанат Ислам техникалық нокаутпен канадалық Брэндон Кукты жеңсе, Жанқош Тұраров судьялардың бірауыздан шешімімен аргентиналық Бруно Леонардо Ромэядан басым түсті. 

Соңғы жаңалықтар