Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров 1 наурыз күні Мәскеуде шаршы алаңға шығады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та жаттығып жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшылар Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров кезекті жекпе-жекті наурыздың 1-і күні Мәскеуде өткізеді. Бұл туралы спортшылар ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі парақшаларында хабарлады.

WBA Fedecaribe атағының иегері орта салмақтағы боксшы Қанат Ислам Аргентина боксшысы Гуидо Николас Питомен кездеседі. Қанаттың қарсыласы өз карьерасында 19 рет жеңіске жетіп (соның ішінде 3-уін нокаутпен), 3 рет жеңілген.

Қанат Ислам шаршы алаңға өткен жылдың тамыз айынан бері шыққан жоқ. Соңғы кездесуінде ол бесінші раундта Колумбия спортшысы Фидель Монтеррос Муньосты нокаутқа жіберген. Бұл қазақстандық спортышының карьерасындағы 18-ші табысы. Қанат барлық жекпе-жегінде жеңіске жетіп келеді. 1 наурыз күні шаршы алаңға сондай-ақ, тағы бір қазақстандық боксшы орта салмақта жаттығып жүрген 24 жастағы Жанқош Тұраров шығады. Ол Венесуэланың тәжірибелі боксшысы Франклин Вареламен кездеспек. Вареланың есебінде 36 жекпе-жек бар, соның 21-ін жеңіспен аяқтаса, қалған 15-інде жеңілген.

Соңғы жаңалықтар