Қанат Ислам мен Уолтер Каутондоква жекпе-жек алдында көз арбасты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Қанат Ислам мен Уолтер Каутондоква жекпе-жек алдында салмақ өлшеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қос боксшы да өз салмақтарында қалды – Қанаттың салмағы - 71,9 келіні, оның қарсыласы Уолтер – 71,5 келіні көрсетті.

«Мен бұл жекпе-жекке дайынмын. Дайындығым өте жақсы. Ертең нағыз бокс кеші болады. Біздің басқа да кәсіби боксшылар шаршы алаңға шығады. Бізді қолдаңыздар. Менің қарсыласым Уолтер өте тәжірибелі. Бірақ маған өз дайындығым бәрінен маңызды. Мен соңғы секундтарға дейін бокстасуға әзірмін. Мұнда бәріне дайын болуымыз керек», - деді Қанат Ислам баспасөз мәслихатында.

Өз кезегінде Уолтер Каутондоква мұнда титул үшін келгенін баса айтты.

«Мен бұл титулды өзіммен бірге Намибияға алып кетемін. Мен оны Қазақстанда қалдырмаймын», - деді Уолтер.

Ертең, 26 қазанда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында кәсіпқой бокс кеші өтеді, онда Қанат Ислам (26-0, 21 KO) мен намибиялық боксшы Уолтер Каутондоква (18-1, 17 КО) негізгі жекпе-жекте жұдырықтасады.

Бокс кеші аясында Дәулет Дәукенов, Сапарбай Айдаров, Бексұлтан Раушанов, Нұрсұлтан Аманжолов, Асқар Ерубек, Арман Рысбек және Руслан Мырсатаев сияқты қазақстандық боксшылардың қатысуымен 9 жекпе-жек өтеді. Олардың қарсыластары - АҚШ, Қытай және Еуропа елдерінің өкілдері.

Соңғы жаңалықтар