Қанат Ислам мен Данэлия Төлешова «Халықтың сүйіктісі» сыйлығымен марапатталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада дәстүрлі «Халықтың сүйіктісі» ұлттық жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жетінші рет ұйымдастырылып отырған бұл байқау танымал қазақстандық тұлғалар мен ұйымдарды анықтауды көздейді және қазақстандықтар әдетегідей, үздік деп тапқан тұлғаларға интернет арқылы дауыс берді.

Марапаттау кешінде "Үздік ұстаз" номинациясы бойынша үш ұстаз жеңімпаз деп танылды - ҚР БҒМ республикалық оқыту-әдістемелік орталығының директоры Раиса Шер, Астанадағы Оқушылар сарайының директоры Ұмсын Арқабаева және Астанадағы №54 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рая Келесқызы марапатталды.

"Үздік дәрігер" аталымы бойынша екі дәрігер - алматылық хирург-маммолог, ҚР маммологтары мен радиологтары басқармасының төрағасы Шынар Талаева және астаналық хирург, медицина қызметінің полковнигі Ержан Шаяхметов марапатталды.



"Үздік парламентарий" аталымында - ҚР Парламентінің депутаты Зағипа Балиева, "Үздік қоғам қайраткері" бойынша - «Ұлы Дала қырандары» ұлттық қозғалысының төрағасы Сәдібек Түгел үздік деп танылды.  "Мен үшін Қазақстан халқына қызмет ету үлкен абырой. Менің бұл байқауға қатысуымды сұрап, сайтқа жазған балаларға үлкен рахмет", - деді Зағипа Балиева.

null 

"Үздік фермер" атанған Арал балық өңдеу зауытының басшысы Аманбай Ерхатов "Халық сүйіктісі" мүсіншесімен және "Атамекен" ҰКП төсбелгісімен марапатталды. "Үздік бизнесмен" номинациясында астаналық «Jeff Tailor» тігін үйінің иесі Гаухар Өтелбаева және "Үздік  fashion майталманы" аталымында - «Bibisara» брендінің дизайнері Әсем Алтынбекова жеңімпаз атанды.



"Үздік спортшы" жүлдесімен кәсіпқой боксшы Қанат Ислам және "Үздік спортшы ару" жүлдесімен - кәсіпқой боксшы, бокстан әлем чемпионы Фируза Шәріпова марапатталды. "Үздік спортшы деп танылғанымды мақтан тұтамын. Еліміздің имиджін әлемдік аренада асқақтату - мен үшін үлкен абырой. Рахмет", - деді Шәріпова.

null null 

Сондай-ақ, марапаттау кешінде белгілі режиссер Ақан Сатаев "Үздік кино қайраткері" атанса, саясаттанушы Айдос Сарым мен әлеуметтанушы Зарема Шәукеноваға "Үздік публицист" сыйлығы табысталды.

Ұлттық сыйлықты табыстау рәсімінде БАҚ саласының өкілдері де назардан тыс қалған жоқ. «QAZAQSTAN» телеарнасының журналисі Дана Нұржігіт "Жыл тележүргізушісі",  Tengrinews.кz - үздік ақпарат порталы атанды.

Интернетте белсенділігімен көзге түскен заңгер Айгүл Орынбекке "Блогосфера көшбасшысы" сыйлығы берілді. Ал "Нагимуша" лақап атымен танымал Нағима Ахметова "Жылдың үздік вайнерлері" аталымында үздік деп танылды.

Сондай-ақ, ұлттық сыйлық кеңесі бірқатар құрметті номинациялармен марапаттауды жөн көрді. Осылайша,  Украинаның "Голос. Діти" ән байқауында жеңіске жеткен қазақстандық Данэлия Төлешова "Жыл құрметтісі" атанды. "Жыл жаңалығы" - «Qazaqstan» телеарнасына, "Табыс пен даму" - "ҚР Ұлттық Паралимпиада комитетіне", "Жыл меценаты" - Кеңес Одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетов атындағы қайырымдылық қорының президенті Махмұт Нәлібаевке және "Алтын дәуір" құрметті номинациясы - танымал ақын Шөмішбай Сариевке берілді.

















Айта кетейік, Rixos President Astana қонақ үйінде VII "Халықтың сүйіктісі" ұлттық сыйлығы жеңімпаздарын марапаттау кеші өтті. 15 негізгі номинация бойынша 150 үміткер іріктеліп алынды және 20 жеңімпаз марапатталды. Сыйлық 2011 жылдан бастап беріліп келеді және Қазақстандағы танымал коммерциялық емес жүлделердің біріне айналды.



Марапаттау салтанатынан кейін қайырымдылық аукционы өтті. Онда бүгінгі лауреаттар бейнеленген шарж суреттер сатылымға шығарылды. Аукционда Фируза Шәріпова өз портретін 1000 АҚШ долларына сатып алды. Аукционнан түскен қаражат қатерлі ісік ауруымен күресіп келе жатқан 6 жасар Айымжанның еміне беріледі.

Соңғы жаңалықтар