+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Қанат Ислам қарсыласын 14 секундта құлатып, WBO Inter-Continental титулын иеленді

2019 жылғы 5 шілде 23:21
Бөлісіңіз:
Қанат Ислам қарсыласын 14 секундта құлатып, WBO Inter-Continental титулын иеленді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Алматыдағы бокс кешінде қарсыласын 14-секундта нокаутқа жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақтың» доминикалық қарсыласы Хулио де Хесус шаршы алаңда небәрі 14 секунд қана қарсылық көрсете алды. Осы жеңісінің арқасында Қанат Ислам орта салмақта WBO Inter-Continental чемпионы атағына қол жеткізді.

Балуан Шолақ атындағы бокс кешінде Қанат қарсыласын қауіпті соққылардың астына алған болатын. Онысы нәтижесін көп күттірмеді де. Ауыр соққыдан ес жия алмаған доминикалық боксшы жер жастануға мәжбүр болды. Бірінші раундтың 14-секундында келген бұл жеңіс Қанаттың кәсіпқой бокстағы 26-ыншы сәтті жекпе-жегі ретінде тарихқа енді.

Қарсыласы Хулио де Хесус болса, 27 кездесуіндегі екінші жеңілісін бастан өткеріп отыр.

Аталмыш жекпе-жек андеркардында Қанаттан бөлек, 9 қазақ боксшысы шаршы алаңға шықты. Олардың барлығы да жеңіске жетті. Сапарбай Айдаров, Бексұлтан Раушанов, Берікбай Нұрымбетов, Арман Рысбек, Нұрсұлтан Аманжолов, Асқар Ерубек, Абылайхан Құсайынов, Руслан Мырсатаев және Мадияр Әшкеев сәтті кездесулер өткізіп, рейтингтегі көрсеткіштерін жақсартты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Спорт, Аймақ, Бокс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT