Қанат Ислам ІВО рейтингінде бір сатыға көтерілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық бокс федерациясы (ІВО) барлық салмақ дәрежелеріндегі әлем боксшыларының ай сайынғы рейтингін жаңартты.

Қазақстан спортшыларының да тізімдегі орындары өзгерді. Жанат Жақиянов ең жеңіл салмақ рейтингінің бірінші жүздігіндегі орнынан екі саты төмендеді, 47-ші болды, деп жазады Sports.kz.

Бірінші орташа дәрежеде Қанат Ислам 81-ші орыннан 80-ші орынға көтерілді. Бейбіт Шүменов пен Иса Ақбербаев бірінші ауыр салмақ рейтингінде тиісінше 11-ші және 35-ші позицияларын сақтап қалды.

Соңғы жаңалықтар