Қанат Ислам IBO рейтингінде 21 орынға көтерілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық бокс ұйымы (IBO) барлық салмақ дәрежесі өкілдерінің жаңартылған рейтинг-тізімін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Кейбір өзгерістер Қазақстан өкілдерін де айналып өтпеді. Жанат Жақиянов жеңіл салмақтағы ТОП-100 рейтингінен шығып қалған. Орта салмақта айқасатын Александр Журавский бір орын төмен түсіп, тізімде 85-ші орынды иеленді. Қанат Ислам 72-ші орынды иеленіп, бірінші орта салмақтағы дәреже кестесінде 21-ші позияға көтерілді. Бейбіт Шүменов пен Иса Ақбербаев өз позицияларын сақтай отырып, сәйкесінше бесінші және 39-шы орында тұр. 

Соңғы жаңалықтар