Қанат Ислам IBF Intercontinental рейтингінде көш бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (23-0, 19 КО) жаңартылған IBF Intercontinental рейтингінде бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Sports.kz .

Екінші орынға британдық Ахмет Паттерсон (17-0, 7 КО) жайғасты, үшінші орында - француз Закария Атту (25-6-2, 7 КО).

IBF-тің  жалпы рейтингінде Қанат Ислам алтыншы орында. Одан жоғары қарай - француз Седрик Виту (46-2, 19 КО), италиялық Марчелло Матано (17-3, 5 КО) және америкалық Жастин ДеЛоач (17-1, 9 КО) тұр. Бір қызығы IBF рейтингінде бірінші және екінші орын бос қалған.

Қанат Ислам келесі айқасын 26 мамырда Бока-Ратонеда (АҚШ, Флорида штаты) өткізеді. Оның қарсыласы мексикалық Норберто Гонсалес (23-8, 13 КО). Жекпе-жекте бірінші орташа салмақ дәрежесі бойынша WBO NABA мен WBA Intercontinental титулы сарапқа салынады.

 

Соңғы жаңалықтар