Қанат Ислам: GGG Деревянченконы жеңеді деп ойлаймын

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіби боксшы Қанат Ислам Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко арасында IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін өтетін жекпе-жектен не күтетінін айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Мен Сергей Деревянченкомен рингте екі рет кездескенмін. Біріншісінде жеңіске жеттім, одан кейін Алматыда төрешілердің шешімімен жеңілдім, алайда ол менікі еді. Сергей өте мықты және жақсы боксшы, дегенмен Головкиннің деңгейі жоғарырақ. Сергей қарсы тұруға тырысады, алайда оңайға соқпаса да, GGG оны алдай алады. Головкин жеңімпаз атанады деп ойлаймын. Оған жекпе-жекте тек сәттілік жеңіс, Қазақстанның туын тағы да бір мәрте көтеруін тілеймін», - деді спортшы.

Кәсіпқойлар арасындағы бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) арасындағы айқас 5 қазан күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Қазақстандықтар жекпе-жекті 6 қазан күні таңертең тікелей эфирден тамашалай алады.

Ал Қанат Ислам (26-0, 21 КО) кезекті жекпе-жегін 26 қазан күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткізеді. Оның қарсыласы намибиялық Уолтер Каутондоква (18-1, 17 КО) болмақ.

Автор:

Еламан Тұрысбеков

Соңғы жаңалықтар