Қанат Ислам Boxrec.com рейтингінде 10 орынға жоғары көтерілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін қазақстандық боксшы Қанат Ислам бірінші раундта бразилиялық Робсон Ассисті нокаутқа жіберген еді.

Бұл оған өз салмағында Boxrec.com ретингінде 10 сатыға жоғары көтерілуге мүмкіндік берді. «Қазақ» атымен танымал отандасымыз ендігіде, 53-інші орында тұр.

Айта кетейік, белді Boxingnews24.com сайты Қанат Исламды өзінің отандасы Геннадий Головкинмен салыстырды.

«32 жастағы Ислам қолдарымен керемет жұмысты немесе бокстағы машықты көрсете алмады. Бірақ оның күші шынымен-ақ мықты болды. Геннадий Головкин өз қарсыластарын шабуылдайтындай, Ислам да Ассисті шабуылдың астына алды. Ол Робсонға демалуға мүмкіндік бермеді, соққыларын бірінен соң бірін жаудырып отырды», - деп жазады Sports.kz Boxingnews24.com-ға сілтеме жасап.

Ал Delaware County Daily Times-тың тілшісі Қанат Исламды бүгінгі жеңісінен кейін әлемдік деңгейдегі дарын иесі деп атады.

«Қазақстандық Қанат Ислам бразилиялық Робсон Ассисті бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберіп, өзінің статистикасын 23-0-ке жеткізді. Нағыз жауынгер. Әлемдік деңгейдегі дарын иесі», - деп жазды Маккафери Твиттерде.

Еске салайық, WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы, бірінші орта салмақтағы Қанат Ислам (22-0-0, 19 КО) мен Робсон Ассис (17-4-0, 9 КО) арасындағы жекпе-жек бүгін Уилмингтон қаласында (АҚШ, Делавэр штаты) өтті. Қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундтың соңында сұлатып  салды.

Былғары қолғап шеберлерінің кездесуі кіші Рой-Джонстың бокс кешінің аясында өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар