Қанат Ислам біздің Риоға баратын боксшыларымызға АҚШ-тан спарринг қарсыластар іздестіріп жатыр - М. Айтжанов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қанат Ислам біздің Риоға баратын боксшыларымызға АҚШ-тан спарринг қарсылас болатын боксшылар табуға көмектесіп жатыр. Бұл туралы бүгін бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов мәлім етті.

«Біз қазір Алматыда Алатау бөктерінде жаттығу жасап жатырмыз. Алда әлі де жоспар бойынша көптеген оқу-жаттығулар өтеді. Бізге өзіміздің бокс федерациясымен бірге қазақтың батыр ұлы Қанат Ислам да қолынан келетін көмегін жасамақ. Біз Қанат Ислам бауырымыздан АҚШ-тан мықты боксшыларды тауып, Риоға баратын бауырларыңа спарринг жаттығу жасайтын қарсыластар тауып бер деп өтіндік. Ол қолынан келген көмегін жасауға әзір екенін айтты. Егер бәрі ойдағыдай болып жатса, бұл жаттығуды шілденің соңына жоспарлап отырмыз. Бұның барлығы боксшыларымыздың соңғы физикалық тактикасын тексеру мақсатында жасалып отырған дүние», - деді бас бапкер.

Айта кетейік, биыл Қазақстан боксшылары Олимпиада ойындарына тұңғыш рет толық құрамда бара жатыр. 

Соңғы жаңалықтар