Қанат Ислам Бауыржан Момышұлы медалімен марапатталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Канат Ислам (21-0-0, 18 KO) Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» медалімен марапатталды.

Марапатты кәсіби боксшыға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл табыс етті.

«Қанат Исламнан басқа әлемдік аренада Қазақстанды танытуға үлес қосқан елдің өзге де азаматтары марапатталды», - деді «ҚазАқпарат» тілшісіне спортшының менеджері Берік Сұлтан.

Оның сөзіне қарағанда, қазір боксшы 29 қазанда Алматы Аренада өтетін өзінің келесі жекпе-жегіне дайындалып жатыр. WBA (Interim) нұсқасы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионының қарсыласы Гана өкілі WBA FedeCaribe белдеуінің иегері Патрик Аллтоей болмақ.

Соңғы жаңалықтар