Қанат Ислам бастаған бір топ боксшы Алматыда ашық жаттығу өткізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қанат Ислам, Мадияр Ашкеев, Абылайхан Құсайынов Алматыда 27 маусымда ашық жаттығу өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Спорттық шара 5 шілдеде Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында ұйымдастырылатын бокс кешіне арналады. Ашық жаттығу барысында келген қонақтар арасында билеттер, жейделер және өзге де сыйлықтар ойнатылып, олар спортшылармен суретке түсуге мүмкіндік алады. Арбаттағы жаттығу сағат 17:00-де басталады.

Айта кетер жайт, бұл бокс кешінде жалпы саны 11 жекпе-жек өтеді. Оның үшеуі титулдық. Кештің басты кездесуінде Қанат Ислам жаңа салмақта WBO Inter-Continental белбеуі үшін айқасатын болады.

Ал, Мадияр Ашкеев пен Абылайхан Құсайынов NBA титулдарына жұдырықтасады. Билеттерді Zakazbiletov.kz сайтынан алуға болады.

«QAZAQ promotions» промоутерлік компаниясының хабарлауынша, Қанат Исламның қарсыласы доминикалық Жулио Де Жесус.

Айта кетейік, Жули оДе Жесус кәсіби рингте 27 жекпе-жек өткізіп, тек біреуінде ғана жеңілген.

Соңғы жаңалықтар