Қанат Ислам айқас алдында салмақ өлшеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) АҚШ-тың Флорида штатындағы Майамиде айқас алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz агенттігіне сілтеме жасап.

«Қазақтың» қарсыласы эквадорлық Джейсон Минда (14-3-1, 8 КО) болмақ.

Орта салмақтағы айқас он раундқа жоспарланған.

Екі боксшы да орта салмақтағы лимитті (72,6 кг немесе160 фунтов) орындады.

Таразыда Қанат Ислам 72,6 кг салмақ көрсетсе, оның қарсыласы – 72,1 кг.

Бұған дейін хабарланғандай, бастапқыда Қанат Ислам ганалық Ободаи Саимен (35-3-1, 26 КО) жұдырықтасуы тиіс болған.

Алайда белгісіз себептермен африкалық боксшы жекпе-жекке қатыспайды.


Соңғы жаңалықтар